Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жер сілкінісінен биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар қала сыртына ағылған, - деп хабарлайды Aiqyn.kz.
Бұл ахуал өз кезегінде қала көшелерінде көлік кептелісіне әкелді.
Бейнероликті жолдаған оқырманның сөзінше, үлкен кептеліс Алма сити, Шұғыла тұрғын үй кешендері маңындағы көшелерде болған.
Сондай-ақ жер сілкініснен қаладағы такси құны екі есе шарықтаған.
Еске салайық, жер сілкінісінің қуаты – шамамен 4 балл.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан сезілген еді.