Түнде Алматыда болған жер сілкінісі кезінде 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеп шыққан. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Біздің қалада 384 нысан бар, бұл – 229 мектеп және 115 балабақша. Оның барлығы сейсмикалық тұрақты. Түнде сол жерде күзет жұмыс істеді. Бір жарым сағат ішінде мектеп қызметкерлері сол жерлерге келіп, халықты қабылдады», – деп түсіндірді ТЖД басшысы.
Оның сөзінше, реттеуші құжаттарға сәйкес әкімшіліктің халықты жинау пункттерінің келу және ашылу уақыты қыс мезгілінде – 1,5 сағат, жазда – 1 сағат.
Белгіленген уақытқа дейін бүкіл жинау нүктелері ашылды.
«Мегаполис тұрғындарын қабылдау пункттеріне 11 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде 3,5 мың бала бар. Қазіргі уақытта 1000-нан астам адам бар, оның барлығы осы сағат аралығында үйлеріне қайтады», – Нұрлан Атығаев.