Жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар кезінде жанармай құю стансасына бару қауіпті. Бұл туралы брифинг барысында Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі кезінде жанармай құю бекетіне бармаған жөн. Себебі жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыс, өрт болуы мүмкін.
«Қандай да бір себеппен біздің азаматтар ресми дереккөзден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға – ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органның мәліметіне сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз – журналистермен бірлесіп, азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін енгізу қажет», – дейді Дәулет Сәрсенбаев.