23 қаңтар, сағат 18.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Жетісу облысында – 1 учаске
«Үшарал-Достық» – 84-184 шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым.
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
«Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» – 0-213 шақырым, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 шақырым.
Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1 381 жолшы жұмылдырылды.