Экспортты ұлғайту туралы заңға өзгерістер енгізілді

Тауар айналымды арттыруға септігі тиетін заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілді. Бұл тура Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.