Екібастұз қаласында жүкті әйел биіктен құлап, мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де әйелдің биіктен құлағаны туралы қоңырау түскен.
«Медициналық бригада шақыртудың бірінші санаты бойынша шықты. Жедел жәрдем бес минутта жетті. Оқиға орнында 30 жастағы жүкті әйелдің мерт болғаны анықталды», – деді станцияда.
Полиция департаменті аталған оқиға жөнінде әзірше түсінік берген жоқ.