Алматыдан 271 шақырым жерде Қытай аймағында тағы бір жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жер сілкінісі сейсмикалық станциялар желісінде сағат 14.03-те тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 271 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық класы – 10.4. MPV магнитудасы 4.7. Эпицентрдің координаттары – 41.12° С. Е. 78.60° ш. б.
Тереңдігі – 10 шақырым.
Жер сілкінісі сезілгені туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілмеген.