Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 272 шақырым жерде 5 балдық жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
24 қаңтарда сағат 15.43-те сейсмикалық станцияларда жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 272 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.1.
MPV магнитудасы – 5.0.
Эпицентрдің координаттары – 41.07° С. Е. 78.50° ш. б.
Тереңдігі – 15 шақырым.
Жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат (МЅК-64 шкаласы бойынша): ҚР аумағында сезілген жоқ.