Мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам Павлодардағы теміржол вокзалында ұсталды. 48 жастағы азамат облыс тұрғыны болып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар стансасындағы желілік полиция бөлімінің хабарлауынша, қызметкерлер "Тасымалдаушы" жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында стансаның теміржол вокзалында бағдарлау бойынша ер адамды ұстады.
Тексеру кезінде шартты түрде сотталған азаматтың 2023 жылғы 30 шілдеден бері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі бойынша пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.