Тараз қаласында құдықтан ер адамның мәйіті табылды

Қазір ер адамның жеке басы анықталып жатыр.

Тараз қаласында үй артындағы құдықтан белгісіз ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамның денесін жергілікті учаскелік полицей аумақты тексеру кезінде тауып алған.   

«Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде учаскелік полиция инспекторы Тараз қаласындағы шағынаудандардың біріндегі үй артындағы құдық ішінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ, 50-60 жас шамасындағы белгісіз ер адамның денесін тапты», - делінген хабарламада.

Қазір ер адамның жеке басы анықталып жатыр.