Үш қалада терроризмді насихаттап, қаржыландырған радикалдар ұсталды

Олар ҰҚК-ның арнайы операциясы кезінде ұсталды.

ҰҰК 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция жәрдемімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу үшін операция өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz

Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.