Алматы облысында зілзала салдарынан 44 нысан бүлінген

Өңірде арнайы комиссия тексеру жүргізді.

Алматы облысының аумағында жергілікті атқарушы органдар бірлесе отырып, жер сілкінісі салдарынан жарықтар пайда болған нысандарда комиссиялық тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2024 жылғы 24 қаңтарда Алматы облысының аумағында тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен әлеуметтік маңызы бар объектілерді қосымша көзбен шолып тексеру нәтижелері бойынша 44 объектіде жарықтар табылды», –  делінген хабарламада.

Атап айтқанда:

  • Ұйғыр ауданы бойынша – 11 объект (денсаулық сақтау объектісі – 1, білім беру объектілері – 8, әлеуметтік нысандар. кульбыта МҮ-2)
  • Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  –14 нысан (білім беру объектілері – 7, денсаулық сақтау объектілері –1, әлеуметтік нысандар. кульбыта МҮ-6) 
  • Талғар ауданы бойынша – 3 объект (білім беру объектілері – 3)
  • Кеген ауданы бойынша – 4 объект (денсаулық сақтау объектісі – 4)
  • Жамбыл ауданы бойынша – 2 объект (білім беру объектілері – 2)
  • Райымбек ауданы бойынша – 3 нысан (білім беру объектілері – 2, әлеуметтік нысандар. кульбыта МҮ-1)
  • Іле ауданы бойынша – 3 объект (Денсаулық сақтау объектілері – 3)
  • Қарасай ауданы бойынша – 4 объект (білім беру объектілері – 4).