Шығын сомасы 596 мың теңгеден асып жығылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Зергерлік бұйымдарды ұрлағаны туралы өтінішпен Бурабай аудандық полиция бөліміне бірден екі бірдей кәсіпкер арызбен жүгінген. Олардың айтуынша, дүкенге келген сатушылардың бірі шығып кеткеннен кейін алтын әшекей бұйымдарының орнын сипап қалған.
– Жәбірленушілердің айтуынша, сатушыларды алтын әшекей бұйымдары туралы сауалдың астына алып назарын өзіне аударып алған. Бірақ клиент шыққаннан кейін дүкен жұмысшылары алтын әшекейлердің жоғалып кеткенін анықтаған. Күдікті тұлғаны анықтау үшін полицейлер қаржылық ұйымдарды тексеріп, Щучинск қаласындағы ломбардтардың бірінен ұрланған алтын бұйымдарды тапты. Әйел осылай ұрланған алтындарды өткізіп отырған болып шықты, – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы