«Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 84-184 шақырым, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысында жол бөлігі жабылды,
– деп хабарлайды
Aikyn.kz.
ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлауынша, «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының 84-184 шақырым, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейінгі аралықта көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 636 бірлік техника және 1 312 жолшы жұмылдырылды.