Атырауда 15 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
24 қаңтар күні Жылыой аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру жұмыстары кезінде Ақкиізтоғай ауылы маңынан 9 қаңтар күні тұрғылықты мекенжайынан шығып, қайта оралмаған 1985 жылы туған аудан тұрғынының мүрдесін анықтады.
Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.
Баян Жанұзақова