«Қазгидромет» синоптиктері 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклон ойпатының және атмосфералық ағындардың ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы құбылып тұрады.
Кей жерлерде жауын-шашын болады, тау және таулы аудандарда жауын, қара аралас жаңбыр жауады.
Еліміздің солтүстігінде қалың қар жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасындатады.