Маңғыстау облысында 7 мұғалім жалған дипломмен ұсталды

Биыл білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген.

Ақтауда қала әкімдігі мен қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық пен кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz  mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Биыл білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілген.

«Мониторинг қорытындысы бойынша 7 жалған диплом қолдану фактісі анықталып, ол мұғалімдердің барлығы қызметтерінен шығарылды», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Хайруллин айтты.