Құтқарушылар “Алан-2” деп аталатын ерекше көлікті сынақтан өткізіп жатыр

Сынақтар тәжірибелік әскери пайдалану бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

22 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  ТЖМ 52859 әскери бөлімі мен "Спасск" оқу орталығының базасында "Алан-2" броньды доңғалақты машинасының базасында өтімділігі жоғары радиациялық, химиялық, биологиялық барлау автомобилін қысқы тәжірибелік әскери пайдаланудың екінші деңгейі жүргізілуде, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Брондалған доңғалақты машиналарға тәжірибелік әскери сынақтар жүргізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қорғаныс министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының мамандары, сондай-ақ "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС инженерлік-техникалық құрамы тартылды.

"Сынақ барысында өтуі қиын жерлерде терең қар жамылғысын еңсере отырып, төмен температура жағдайында базалық шасси сыналып, жүргізіліп жаттықтырылды. Агрегаттар мен жүйелердің жұмыс қабілеттілігі, пайдалану-техникалық қасиеттері, техника агрегаттарының жүктеме, жылу және жылдамдық режимдері тексерілді", - делінген ТЖМ- дерегінде.

Естеріңізге сала кетсек, "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС қазақстандық қорғаныс кәсіпорны ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша әзірлеген арнайы "Алан-2" радиациялық, химиялық, биологиялық барлау машиналары Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан ТЖМ әскери бөлімдеріне берілді. Биыл тағы екі арнайы машина елдің батысы мен шығысындағы ТЖМ әскери бөлімдері техникасының паркін толықтырады.