Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті: Бельгияда өскен қазақ баласы

Бельгиядан Қазақстанға туған анасын іздеп келген Жәнібек (Jani Eddy J Saveliev) қазақ тілін үйреніп жүр.

Бұл туралы Жәнібектің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол видеоны қазақша дыбыстап, мәтінін де қазақша жазған. Оның сөзіне қарағанда, қазақ еліне сапары өмірін күрт өзгерткен.

"Арманым терең мұхитқа сүңгу болатын. Соңғы бірнеше күнде диплом алдым. Қазақша сөйлеу арқылы сіздерді өзіммен бірге арманыма апарғым келеді. Қазақстан және қазақ халқы менің өмірімді өзгертті", - деп жазды Жәнібек.