Алматы облысында 81 жастағы әйелді тұншықтырып, тонап кеткен ұрылар ұсталды

Ұрылар қарт әйелді тұншықтырып, тонап кеткен.

Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 81 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол  медициналық бетперде киген екі бейтаныс жігіттің үйінің ауласына кіріп, оны тұншықтырып, ұялы телефон мен қолма-қол ақшасын ұрлап кеткеніне арызданған.

 

28 қаңтар күні жедел-іздестіру нәтижесінде 1978 және 1989 жылғы екі Алматы тұрғыны ұсталды. Олар кінәсін мойындаған.

Полицейлер істің мән-жайын анықтау үшін сараптама тағайындады. Тергеу басталды.