Атырау облысында жеңіл көлік мұзға құлап, жүргізуші мерт болды

Қайғылы оқиға Атыраудың Көкарна кентінде болған.

Атырау облысында жеңіл көлік мұзға құлап, жүргізуші көз жұмды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 28 қаңтар күні Көкарна кентіндегі Жайық өзенінде болған, - деп хабарлайды Aikyn.kz atpress.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Атыраудың Көкарна кентінде жеңіл көлік мұзға құлап, салдарынан 31 жастағы жүргізуші қаза тапты. 

«17 жастағы жолаушы жақын жердегі облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына 4 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.