Майқайың алтын кенішіндегі ойық түбін қазып жатқан құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Инстаграм-дағы парақшасында жазды.
«4 қаңтардан бастап «Майқайыңалтын» АҚ кеніш аумағындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеуде. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталуда. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті. Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасуда», – деп жазды облыс басшысы.