Қасымхан Төлендиев «Жастардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенімін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атты әлеуметтік жобасы аясында жастарға ерекше кеңес беріп, бірлікке шақырды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі министрлігінің Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шарада Мемлекет басшысының 2024 жылғы 3 қаңтардағы Egemen Qazaqstan газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаты, 22 қаңтарда Мемлекет басшысының төрағалығымен ІІМ өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөздері, жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқық қорғау органдарына сенімін арттыру туралы мәселелері кеңінен айтылды. Сондай-ақ жастарға партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарын қалыптастыру мен парасаттылық, адалдық қағидаттары туралы кеңестер беріліп, ерсі қылықтардың адамға келтірер зияны түсіндірілді.
Бердібек ҚАБАЙ