«Өндірілген көмірдің жалпы көлеміндегі экспорттың үлесі тарихи түрде 26-28 пайыз шегінде. Кейінгі бес жылдағы көмір экспортын талдай келе, экспорттық әлеуеттің прогрессивті сипатта екені көрініп тұр. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шетелдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге (1,3 млн тоннадан 8,5 млн тоннаға дейін) ұлғайды. Ең алдымен, бұл жағдай Еуропа одағының Ресей Федерациясына қатысты қабылдаған санкциялық шараларына, олардың қазақстандық көмірге деген сұранысының артуына және оның құнының өсуіне байланысты», – делінген министрліктің хабарламасында.
Атап айтқанда, алдағы кезеңде көмірді алыстағы мемлекеттерге өткізу көлемі тағы да артуы мүмкін.
«Осылайша, біздің жер қойнауын пайдаланушылардың экспорттық әлеуеті негізінен көмірге сұраныстың артуына байланысты алыс шетелдерге бағытталады», – деп жазылған ведомство ақпаратында.