Балалар бұл өнертабысын тәжірибелі ұстаз, информатика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Салтанат Ұятбаеваның жетекшілігімен жасап шығыпты.
– Қазір – цифрлы технология заманы. Аталмыш технология мүмкіндіктерін адам игілігіне пайдалана отырып, газ бен түтіннен улану оқиғаларын болдырмау керек. Осы мақсатта біз газдан, түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы жасадық. Балалар үйде жалғыз қалған жағдайда газ немесе түтін шықса, мұны құрылғымыздағы датчик сезіп, шиқылдаған дыбыс естіліп, сыртта жүрген ата-ананың мобильді телефонына қауіпті ескертетін SMS-хабарлама жолданады. Осылайша, қайғылы жағдайдың алдын алуға болады, – дейді Ерсат пен Әлғани.
Әлгіндей қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытқан. Олар «Бұл құрылғыны газдың сыртқа кетуін анықтауда, өрт сөндіру жүйелерінде, яғни адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланған тиімді» деген пікірде.
Жас өнертапқыштардың «Газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы» жобасы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде робототехника секциясы бойынша І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама берілген.
Н. НАЗАРБЕК,
Түркістан облысы