Тұман түсіп, жел күшейеді: 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын (негізінен қар) жауады. 

Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 

Республика бойынша тұман түседі, көктайғақ, боранмен бірге жел күшейеді.