Алматыда қару арсеналы жасырылған орын анықталды

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда, 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.