Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының экс-орынбасары, Алматы облысы ПД басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Оразбеков қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов Telegram арнасында хабарлады.
Ержан Оразбеков 51 жасында өмірден өткен.
Еске салайық, 2021 жылы Ержан Оразбековтің көлігіне оқ атылған болатын. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолында болған. Белгісіз біреулер Ержан Оразбеков отырған көлікке оқ атқан еді. Ол кезде Оразбеков Алматы облысы ПД басшысының бірінші орынбасары қызметінде болатын.