Saudia Airlines компаниясы қажыларды әуежайдан Мекке қаласындағы қонақүйлерге жеткізетін электрлік әуе таксилерін іске қосу арқылы қызмет көрсету сапасын арттыруды көздеуде. Бұл туралы Welcome Saudi басылымы жариялады. Мақалаға сілтеме жасаған Aikyn.kz Сауд Арабиялық компанияның әуе таксилерді қолдану жоспарымен толығырақ таныстырады.
Saudia Airlines компаниясының бас директоры Ибрагим Коши неміс әуе таксиін шығаратын Lilium компаниясымен Сауд Арабиясының ішкі рейстерінде пайдалану үшін 100 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойғанын хабарлады.
Кошидің айтуынша, компания тұрақты даму қағидаттарын ұстанады. Ұшақтар 100% электрлік. Saudia Airlines Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы бұл ұшақтарды ішкі бағыттарда қолданатын алғашқы әуекомпаниясы болады.
Lilium Jet – тік ұшып-қонатын ұшақ. Оларға әуежайлар емес, жолаушыларды алып кету және түсіру үшін «жүк» порттары қажет болады. Бұл тиісті инфрақұрылымды қажет етеді.
Бұл жаңа ұшақ туралы толығырақ білгіңіз келсе, мына видеоға өтіңіз: