ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында қаңтар айында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атап айтқанда, шекара кеңістігінде 2 776 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды. Соның ішінде 13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды, 19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.
Мемлекеттік шекара арқылы 881 заңсыз алып өту фактілерінің алдын алды. Соның ішінде 50 есірткі заттары бар, оның жалпы салмағы – 3,3 келі. Мұнымен қоса 25 ату қаруы мен оқ-дәрілер (15 дана ату және 1 451 дана суық қару, 101 дана оқ-дәрілер); 47 – діни әдебиет (1 757 дана); 281 – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 600 литр); 408 – жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар; 70 – жалпы сомасы 940 млн теңгеден астам валюта.
Каспий акваториясында 2 браконьерлік фактінің алдын алды. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 900 м тор болатын браконьерлік аулау құралдары 3 дана (12 келі) бекіре тұқымдас балық, 2 дана итбалық. Алдын алған залал сомасы – 6 млн теңге. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.