«Жеңісімнің бастамасы»: Айшолпан Тілеутай операциядан кейінгі өзгерісті айтты

Айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.

Асқазанына екі рет операция жасалған айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай желідегі парақшасында Ыстамбұлда 8 келіге арықтағанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.

«Қайырлы кеш, баршаңызға! Ыстамбұлға 135 келі болып келгенмін. Әне-міне дегенше – 8 келі тастаппын. Жеңілдеп қалдым», –  деп жазған ақын. 

Сонымен қатар ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін айтады.

«Теңіз жағасында күніне 10 мың қадам. Бұл қала менің жеңістерімнің бастамасы!», – деп жазған ақын.