Алматыда Оңтүстік Кореядан келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды
Алматыда Оңтүстік Кореядан келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды
Фото: Интернеттен алынды
116
оқылды
Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, Оңтүстік Кореядан ұшып келген 100 жолаушы карантинге жатқызылды. Келгендердің арасында Қазақстанның 93 азаматы бар, қалған жетеуі шетел азаматтары.
«Бұл – стационар. Енді Сеулден келген қазақстандықтар мен басқа елдердің кей азаматтары карантинге жатқызылады. Олардың дені сау. Қала әкімінің аймақтық штабы олардың вирустық ауру тараған аймақтан келгенін ескере отырып, 14 күнге карантинге жатқызу туралы шешім қабылдады», – деді Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Оның айтуынша, эпидемия таралмауы үшін Қазақстанға Оңтүстік Кореядан келгендер 5 наурыздан бастап карантинге жатқызылып жатыр.