Еліміздің 3 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметі хабарлады.
Жамбыл облысында – 2 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек. – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді;
«Алматы-Ташкент-Термез» 159-476 км, Кенен а. – Ақшолақ а. – 317 км.
Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс);
Жетісу облысында – 1 учаске:
«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс).
Түркістан облысында – 1 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Жамбыл обл. шек. – Машат к. – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 893 бірлік арнайы техника және 1145 жұмысшы жұмылдырылды.