Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасының сайтында жарияланған кестеге қарағанда, 5 ақпаннан кейін ұзақ тыныштық болып, 26 ақпанда шамалы ауытқулар болуы мүмкін, – деп жазды Aikyn.kz.
Магнит дауылдарының күші бес балдық шкала бойынша бағаланады. G1 дауылы әлсіз болып саналады. Дегенмен ауа райына сезімтал адамдар мұны сезінеді.
"Созылмалы аурулары бар адамдардың жалпы денсаулығы нашарлауы мүмкін. Оларға өз денсаулығына мұқият мән беруге және қажет болған жағдайда тиісті көмек алуға кеңес беріледі", – делінген Zakon.kz таратқан ақпаратта.
Бұрын 18 және 19 ақпанда магнитті дауыл болады деп болжанса, қазір болжам өзгерді. Сарапшылар күн белсенділігін алдын ала болжау қиын болуы мүмкін дейді.