Танымал продюсер, актриса Гүлзира Айдарбекованың жаңа әні көпшіліктің көңілінен шықпады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі жақында Кипр қаласында демалып келген болатын. Ол Кипрдағы естеліктерін жеке парақшасына салып, оқырмандарының назарына ұсынған.
"Әрбір күніміз тарих қой, шіркін! Оқырмандарыма да әлемді көзімен көру бұйырсыншы! Осы әнімді Нұрекең ерекше жақсы көріп тыңдаушы еді. Сіздер де тыңдап көріңіздер! Қандай жағдай болса да, махаббаттарыңыз көркем болып, қосағыңызбен бірге болуды жазсын Алла! Қайсыбір жүрек кешірімді болса, тыныш өмір сүреді. Тағдырға риза болған жан, бақытты ғұмыр кешеді. Алланы әрдайым мақтап жүретін жан, таңды жылы жүзбен атырады”, – деп жазады продюсер.
Видеожазбаны сүйемелдеп орындаған Гүлзира Айдарбекованың әнін желі қолданушылары ұната қоймады.
“Ән әдемі екен. Орындаушысы туралы айтқым келмейді, “Ұялмаған әнші болады деген осы кісілерге айтылған”, “Бізге осындай жерлерді көру бұйырсын”, “Мақтаншақ болып кетті Гүлзира ханым”, “Әндерінің сөзі қандай керемет. Бір эстрада әншісі орындаса бағын жандырып, жолын ашады”, – деп жазып жатыр тыңдарман қауым.