Майқайыңдағы құтқарушылардың жұмысы қайта жанданды

Кеніштегі шұңқыр түбіне шағын экскаватор түсірілді.

Автобус жатуы ықтимал аймақты қазу жұмыстары қайта жалғасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр», – деп жазды Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылардың сөзінше, ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үйіліп қалуынан пайда болған.