Рейд барысында іздеуде жүрген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Құқықтық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткен рейдті қалалық Полиция департаменті өткізді.
Іс-шара барысында (базар, жатақхана, қонақүй, жалдамалы пәтерлер және басқа жерлер) іздеуде жүрген 14 қылмыскер анықталып ұсталды. Оның ішінде өткен жылдарғы – 7, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалған 2-уі табылды.