№8 Астана қалалық емханасы мамандары өз кеңесін ұсынды. Мұндайда, ең алдымен, жақсы ойлаңыз, үрейге берілмеңіз. Балаңыздың тез сауығып кетуі сіздің іс-әрекетіңізге байланысты.
Тістері шығып келеді деген болжам жасап, балаға көмек көрсетуден бас тартпаңыз. Қызу көтерілуі тістен емес, сонымен қатар оның жарылуы кезінде баланың иммунитеті төмендейтінінен болады.
Егер үш айға дейінгі балада температура 38 C-тан жоғары болса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз. Осы жастағы балаларға көптеген дәрі-дәрмектер кері реакция береді. Үш айдан асқан балаларда 38,5С жоғары температурада, ал 38С қызуда фебрильді күйзелістері болған жағдайда жедел жәрдем шақыру қажет. Басқа жағдайларда педиатрды шақыруға болады.
Жедел жәрдем немесе педиатр келгенге дейін не істеу керек?
Баланы күшпен ішуге мәжбүрлемеңіз. Егер нәресте омырау сүтімен қоректенетін болса, ол өз қажеттілігіне қарай ана сүтін еміп алады. Жасанды сүтті артық ішуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ.
Егер бала тамақтанудан бас тартса, оған таза қайнаған су беріңіз: әрбір 10-15 минут сайын 2-3 шай қасық. Суға қантты немесе шөпті қосындыларын қоспаған дұрыс
Баланы бөлме температурасына сай киіндіріңіз. Егер баланың терісі қызарып, ал денесі ыстық болған жағдайда – күртешесін шешіп, үстіңгі денені 15-20 минут ашық қалдырыңыз. Егер бала қалтырап тоңған жағдайда, оның үстіне көрпе немесе жеңіл киім жабыңыз. Баланы сірке қышқылымен, арақпен сылауға болмайды. Өйткені кеңейтілген тесіктер арқылы сірке немесе алкоголь баланың денесіне енеді. Егер температура төмендемесе жылы сумен (28-35C) қарнын, бауыр маңайын, мойын жағын, кеуде және қолтығын сүртіңіз.
Баланы қолыңызда ұстаңыз немесе оны үлкен жастыққа басын көтеріңкіреп жатқызыңыз.
Дәрігердің кеңесінсіз мұрын тамшысын тамызбаңыз. Егер балада жөтел болса, дәрі-дәрмек беру және басқа да кеңес тек дәрігердің толық қарауынан кейін ғана беріледі. Жөтелдік препараттардың дұрыс пайдаланылмауы елеулі асқыну тудыруы мүмкін.
Дәрігер кеңес берместен дәрілік заттарды, соның ішінде шөп тұнбаларын және т.б. қолдануға болмайды.
Бөлмені жиі желдетіңіз: қыс мезгілінде 15 минуттан кем дегенде 4 рет, ал жылы мезгілде – күні бойы.
Баланы серуенге шығаруда дәрігер ауа райына назар аударады. Бірақ бұл жай серуенге қатысты: сауда және қоғамдық мекемелерге баруға тыйым салынады.