Digital Almaty-2024 форумында үздік өнеркәсіптік стартаптар анықталды

Digital Almaty-2024 алаңында жалпы жүлде қоры $180 000 болатын ең ауқымды Industry 4.0 Startup Battle өтті.

Финалға өнеркәсіпті цифрландыру саласынан 200 өтінім ішінен 30 стартап өтті. Олар баттл серіктестерінің жүлделі марапаттары үшін таласты. 

Іс-шараның ашылу салтанатына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты. Ол еліміздің бай жер қойнауын ескере отырып, өнеркәсіп саласын цифрлық трансформациялау маңызын атап өтті.

"Қазір біздің электронды үкімет бойынша көш ілгері екенімізді бәрі біледі, бірақ бізге барлық жерде өнеркәсіп секторын цифрландыру бойынша жұмыс істеу керек", – деді Бағдат Мусин.

Үздік жобаларды мемлекеттік органдар, венчурлік инвесторлар, трекерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар (KazPetrol, Kusto Group, KazMinerals, Karachaganak Petroleum) арасынан кәсіби мамандар таңдап, қазылық етті. 

 

Үздік өнеркәсіптік стартаптар аталымын иеленген жеңімпаздар:

THE BEST ESG STARTUP – KazagroTech;

THE BEST DIGITAL OIL FIELD STARTUP – NeuronOil;

THE BEST SMART MINING STARTUP – ASPANS;

THE MOST INVESTABLE STARTUP – Wes;

GVA'S FAVORITE STARTUP – Dereknet;

O. R. I. S. by A-business компаниялары 10 млн теңгеге VK Cloud грантын табыстады. Equipmetry, SmartView, iMedHub Forus стартаптары Yandex Cloud пайдалану үшін 20 мың доллар грант ұтып алды.

Сонымен қатар, 5 стартап Skolkovo Startup Village-2024 конференциясы аясында көрмеге қатысуға сертификаттар алды. Олар: AIMI, InPro-Tech, Ikem Technologies, KIT Drone, " Гидропонды биологиялық жем".

Ал AIMI, OST engineering, Dereknet, Wes стартаптары АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін  MINEXPO-ға жолдама алды. 

Іс-шара ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, "Tech Garden" инновациялық технологиялар паркі автономды кластерлік қорының, Most Ventures,"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, GVA Alatau, "САЦ ТЭК" АҚ, VK Cloud "Сколково" инновациялық орталығы, Yandex Cloud, "Iteca" ЖШС қазақстандық көрме компаниясы, "KAZPETROL GROUP" ЖШС, "KAZ Minerals Management" ЖШС, "XFinity Solutions" ЖШС қолдауымен өтті.