Намибия президенті Хаге Гейнгоб 82 жасында дүние салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БАҚ-тағы дерекке қарағанда, қаралы хабарды президент кеңсесінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында вице-президент Нанголо Мбумба жариялаған.
“Намибия Республикасының сүйікті президенті Хаге Гейнгоб бүгін, жексенбі, 2024 жылғы 4 ақпанда, шамамен таңғы сағат 12:04-те өзі медициналық ем қабылдап жатқан “Леди Похамба” ауруханасында қайтыс болғанын үлкен қайғымен және өкінішпен хабарлаймын”, – делінген мәліметте.
Өмірінің соңғы сағаттарында мемлекет басшысының жанында әйелі мен балалары болғаны айтылады.
Қаңтар айының басында Хаге Гейнгоб өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған. Кейін ол емделуге АҚШ-қа барды, бірақ бірнеше күннен кейін Намибияға қайта оралды.
Жақын арада министрлер кабинеті президенттің қайтыс болуына байланысты "қажетті үкімет шараларын қабылдау" үшін жиналатынын жеткізді.