Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мәжілістің комитеті отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

Мәжілістің комитеті отырысында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«(Бұл дерек негізінде) қылмыстық іс қозғалды. Ол әкімшілік тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді Лепеха Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде.

Еске салайық, Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адам табылған еді.