Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Үкімет басшысын тағайындау рәсімі жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оның айтуынша, Конституцияға сәйкес Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.
"Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мақұлдаған жағдайда, келісім алу үшін оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келісім берсе, Президент жаңа Премьер-Министрді тағайындайды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамын жасақтау процесі басталады", – дейді Берік Уәли.
7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті.