Тұман, жел, көктайғақ: 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Көктайғақ, бұрқасын болады.