Астана қаласындағы мектептерге елімізге белгілі тұлғалардың есімі берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
Астана қаласының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес:
№ 20 орта мектебіне – Шәкен Аймановтың есімі берілді;
№ 27 мектеп-лицейге – Қасым Қайсеновтің есімі берілді;
№ 38 мектеп-лицейге – Әлімхан Ермековтің есімі берілді;
№ 64 мектеп-лицейге – Сұлтанбек Қожановтың есімі берілді;
№ 94 мектеп-гимназияға – Тұрсынбек Кәкішұлының есімі берілді;
№ 89 мектеп-лицейге – Дулат Бабатайұлының есімі берілді;
№ 44 орта мектепке – Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді;
№ 24 орта мектепке – Жүсіпбек Аймауытовтың есімі берілді;
№ 59 мектеп-лицейге – Кәрім Мыңбаевтың есімі берілді;
№ 34 орта мектепке – Барлыбек Сырттанұлының есімі берілді;
№ 63 мектеп-гимназиясына – Шерхан Мұртазаның есімі берілді.