Бауыржан Сағындық Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
36 жастағы маман бұған дейін кәсіби футболшы ретінде «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» командаларында ойнаған.
Ал жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған.
2017-2018 жылдары «Ертіс» клубында жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы болды.
Сонымен қатар «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді.
2017-2018 жылдары Қазақстан 20 жасқа дейінгі жастар құрамасында бапкерлер штабында қызмет атқарған.
2022 жылы «Ақсу» футбол клубында бас бапкердің көмекшісі болды.