Ақмола облысында 24 жастағы қыз қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 5 ақпан күні Бурабай кентінде болған.
«Биылғы жылдың 5 ақпанында Бурабай ауданында болған қыздың өз-өзіне қол салу дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын-ала анықталғандай, Бурабай ауылының 24 жастағы тұрғыны қараусыз қалған үйдің 9-қабатынан секіріп, суицид жасаған. Оқиға шамамен сағат 19:30 болды», – делінген хабарламада
Қазір тергеу аясында суицид жасаған адамның туыстары мен таныстары анықталып, болған оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.