Қарағанды-Теміртау тасжолында үш көліктің соқтығысуы салдарынан 300-ге жуық көлік кептелісте тұрып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық полиция департаменті ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды-Теміртау тасжолында үш көлік соқтығысқан жол апаты болғанын хабарлады.
«Апат салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді. Көліктерге зақым келді. Қазір Қарағанды-Астана тасжолы жабылды. Бұл аумақта 300-ден астам көлік жиналып қалды. Айналаның көрінуі жақсарып, жол бағыты тазартылғаннан кейін жол ашылады», – деп хабарлады ведомство.
Полиция облыс тұрғындарынан ауа райы болжамына құлақ асуды және қолайсыз ауа райы жағдайында елді мекендерден тыс жерге шықпауды сұрайды.