Мұндайда ауырсынуды жеңілдетуге көмектесетін позиция – бүйірмен ұйықтап жатқанда жастықты аяққа қою.
Аяқтың арасына жастық қою жамбасыңызды бейтарап ұстайды. Түнде омыртқа ауырмайды.
Medqaz.com-ның мәліметінше, күйзелісті жеңілдетуге және жарықшақтан (грыжа – ред.) туындаған ауырсынуды азайтуы мүмкін.
Тізеге жастық қою арқа және жамбас ауырсынуын азайтады. Сонымен қатар жарық дискісінің ауырсынуын басуы мүмкін. Аяқтарыңыздың арасына жастық қою ұйқыны жақсартуға, омыртқа қалпын сақтауға көмектеседі.
Зиян ба, пайдалы ма?
Жастықты аяққа қойып ұйықтау әдетте қауіпсіз.
Егер жамбас немесе арқа ауырса, бүйірмен ұйықтау қиын. Арқа, аяққа жастық қойып ұйықтап көріңіз.