Қызылордалық әйел Түркістанда жалдамалы пәтерде өз балаларын өлтірген. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Динара Зәкиева мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын. Періштелер... Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі болды», – деп жазды Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Істі Түркістан облыстық Полиция департаменті тергеп жатыр.
Бұған дейін Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың мәйіті табылғаны хабарланған едік.