Астанада жеңіл көлік көше ортасында аударылып қалды

Астана қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда мұқият болуды, жылдамдық пен арақашықтық режимін қатаң сақтауды ескертеді.

Елордада жол ортасында жеңіл автокөлік аударылып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Көлік жүргізушісі әуежай жағынан Ә.Кекілбаев көшесінің қиылысында келе жатып, алдынан тоқтаған көлікпен соқтығыспау үшін рульді күрт бұрған. Салдарынан көлік аударылып қалған. Зардап шеккендер жоқ», –  делінген ақпаратта. 

Астана қаласының Полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда мұқият болуды, жылдамдық пен арақашықтық режимін қатаң сақтауды ескертеді.